Алматыда ақша тиелген көлікті полицейлерден қашқан жүргізуші төңкерген

Із жасырып үлгерем деген «Хонда» жүргізушісі бағдаршамға қарамай ақша толы көлікті бүйірден оңдырмай соққан. Бронды «Газель» аударылып қалды. Ал жеңіл көліктің сау тамтығы жоқ. Өйткені, инкассаторларды соққаннан кейін де жол жиегіндегі ернеуді қиратып, ағашқа шаншылған екен. Апат салдарынан жараланған «Хонда» тізгініндегі жігіт пен жолаушы және «Газельдің» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жарасы жазылған соң айыпты азаматқа қомақты айыппұл салынуы, тіпті темір торға да тоғытылыуы мүмкін.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

Қазіргі таңда азаматтардың алған дене жарақаттарының деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Содан кейін процессуалды шешім қабылданатын болады. Қай бап бойынша іс қозғалуы соған байланысты.

Loading...