Алматыда ақылы автотұрақтардан 600 млн теңге жиналды

«Алматы арнайы техникалық сервис» ЖШС директоры Марат Прінбековтың айтуынша, тротуар паркингтерінен 357 млн теңге, ал жабық автотұрақтардан 302 млн теңге жиналды, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

«Осы уақытқа дейін инвестиция көлемі 1 млрд теңгеден асты. Өткен жылы салыққа 269 млн теңге төленді », - деді Прінбеков.


Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Алматыда 11 мыңға жуық автотұрақ ашылғанын атап өтті.