Алматыда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

Наурыз мерекесіне орайластырылған бұл шараны қала әкімдігінің қолдауымен «Алаш Прайд» клубы ұйымдастырып отыр. Жарыстың басты кездесуі панкратиннан Әлем чемпоны Ержан Естанов пен ММА-дың Fight Night нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Расул Мирзаев арасында өтеді деп жоспарланып отыр. Егер бұл сында қазақстандық спортшы басым түссе, ММА-дың Fight Night нұсқасы бойынша да чемпиондық белдікті беліне тағатын болады.

«Арлан» деген лақап аты бар Ержан Естановтың қоян-қолтық ұрыстан, джиу-джитсудан, әскери самбодарн, ушу-санда мен «Жекпе-жектен» спорт шебері деген атақтары бар. Бұған дейін 2009 жылы «Алты бұрыш» нұсқасы бойынша ережесіз жекпе-жектен ТМД чемпионы, 2011 жылы кәсіби панкратинның «ISCP» нұсқасы бойныша командалық кубогының иегері және Әлем чемпионатының финалисі болды. Сондай-ақ ережесіз жекпе-жектен «NOFC» гран-при турнирінің жеңімпазы, ережесіз жекпе-жектің «Жекпе-Жек» нұсқасы бойынша халықаралық турнирдің чемпионы жәнге ММА аралас жекпе-жегінен «Гран-при RIVIERA» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Ал кәсіби панкратиннан Әлем чемпионы атағын 2012 жылы иеленген болатын.