Алғашында бір азамат арақты 10 мың 500 теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталған. Артынша мемлекеттік кіріс департаменті жүргізген жедел тексеріс барысында тұтас алкоголь цехы әшкереленді. Заңсыз кәсіпорын Алғабас ауылында орналасқан. Иелері арақ-шарапқа жалған акциздік маркалар жабыстырып сатыпты. Цехтан сатуға дайын тұрған жүз шақты виски табылды. Бұған қоса, 200-ге жуық жалған есептік бақылау маркалары мен спирттік өнімдердің ыдыстары да бар.
Loading...