"Алматыда әріптесін өлтіріп, мәйітін көміп тастаған": 3 жылдан соң әшкере болған қылмыс

Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"2022 жылдың жазында ол жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен еді. Алматы маңындағы жеке үйінің ауласынан көршілері айқай мен төбелестің дауысын естіген. Оқиға орнына жарты сағаттан кейін келген полиция қызметкерлері қан іздерін және күрес белгілерін тапқанымен, Захар Свириденконың өзін таба алмаған.

Тек 2025 жылдың көктемінде полиция фотографтың досы Ержан Сейтқожаны ұстады. Дәл сол түні оның Захардың үйінде болғаны белгілі болған. Ер адам үш жылға жуық уақыт бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып келген.

Тергеу барысында Сейтқожа бәрін мойындап, Захарды өлтіргенін айтқан. Оның сөзінше, дастарқан басында екеуінің арасында жанжал туып, ашуға берілген ол бірнеше рет пышақ сұғып алған. Кейін істеген ісінен қорқып, әріптесінің денесін көлік жүксалғышына салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Күдікті мәйітті «Алма Сити» тұрғын үй кешені мен «Елисейские поля» коттедж қалашығының маңындағы орға тастап кеткенін көрсеткен. Оның көрсетпелері бойынша сол жерде қазба жұмыстары жүргізіліп, ер адамның денесі табылған. ДНҚ сараптамасы бұл мәйіттің Захар Свириденкоға тиесілі екенін растаған.

Сотта Ержан Сейтқожа өз кінәсін толық мойындады. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ жәбірленушінің туыстарына 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді", - деп жазды журналист.