Әскери комиссарды өзінің кабинетінде таңбаланған ақшаларды алып жатқан кезінде ұстады. Ол әскерге шақырылушының бір мың жарым долларға армиядан жалтаруына мүмкіндік жасамақ болған. Шындап келгенде, ол жігіт денсаулық жағдайына байланысты онсыз да армияға шақырудан босатылуы тиіс болатын. Ол өзінің айыбын мойындады. Скворцовқа үкімді әскери комиссариаттың акт залында, өзінің бұрынғы қызметтес жолдастары мен бағынышты қызметкерлерінің алдында жариялады. Ол атақтарынан, жеке мүліктерін айырылды және жазасын төрт жыл бойы колонияда өтейтін болды.