"Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан спортшылар қатыспақ. Дәстүрлі бұл дүбірлі додада ерлер 8, әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Оған ҚР Ұлттық құрама командасының мүшелері толықтай қатысады. Ол желтоқсан айында АҚШ-та өтетін Әлем чемпионатына дайындықтың бір кезеңі болып отыр", дейді Алматы облыстық армрестлинг және гир спорты федерациясының президенті Евгений Шамрай.