Алматыда арнайы операция барысында полиция ірі есірткі каналын жойды


Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бейсенбі күні таратылған мәліметке сәйкес, есірткі Жамбыл облысының Қордай ауданының еліміздің орталық және солтүстік өңірлеріне жеткізілген.
Полиция мәліметі бойынша, есірткі өткізушілерге Алматы транзиттік нүкте болған. Олар базарлардың бірінің аумағында тұтыну тауарларының арасына есірткіні тығып, бағыттық автобус жүргізушілері арқылы солтүстікке жөнелтіп отырған.
Базар аумағында «Ауди» көлігін полицейлер күндіз екі жарымда байқаған. Көлік жүргізуші Талғар қаласының 45 жастағы тұрғыны адам тасумен айналысатыны анықталған. Оның көлігінен жалпы салмағы 394 кг жуық марихуана салынған 12 қап тәркіленді.
Ұсталған такси жүргізушінің айтуынша, ол ақшаға жүкті Алматыға жеткізбек болған, алайда қаптарда не бар екенін білмеген.
Полиция қызметкерлері дереу Жамбыл облысына барып, бірнеше сағаттан кейін осы есірткі каналына қатысы бар бес адамды ұстаған. Қазір олардан жауап алынуда.