Алматыда «Арт брэнд интернешнл» ұжымының ән кеші өтті

Концерттік бағдарлама барысында «Авантис», «My town jazz band» шоу-балет топтары, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік әншілер хоры, домбырашылар, гитарашы Григори Стадниченко және скрипкашы Алексей Савенков пен басқа да өнер майталмандары жиналған қауымды өз өнерлерімен сусындатты.

Сонымен қатар «Арт-Бренд-Интернешнл» ұжымы кеңестік және шетелдік орындаушылардың әндерін орындай келе И.Кальман мен Ф.Легардың классикалық опера тақырыбындағы ән нұсқаларын орындады.