Өнер иесінің үйлену тойына шоу-бизнес жұлдыздары қатысқан, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігінің тілшісі.
Олардың қатарында Тәуекел Мүсілім, Серік Ибрагимов, Нұржан Керменбаев және тағы да басқа танымалдар бар.
Тойды белгілі тележүргізуші әрі асаба Нұржан Аташ жүргізген.
Төлеповтің үйлену тойы Алматының символы саналатын “Қазақстан” қонақ үйінде өткен.
Loading...
Айта кетейік, Артурдың келіншегі Мәдина Қарағанды облысының тумасы. Алматы технологиялық университетін тәмамдаған бойжеткеннің ұзату тойы 20 маусым күні өткен болатын. Күні кеше Артур келіншегі Мәдинаның бояусыз түрін көрсетіп, жұртты сүйсіндірген еді.