Алматыда аш-жалаңаш отырған балалар полиция қызметкерлерін шошытты

Қыз бен ұл удай мас күйінде төсекте жатқан 40 жастағы әкесінің қасында ойнап отыр екен. Ал 41-дегі анасы жұмысқа кетіпті, деп хабарлады sputniknews.kz

"Үйдің іші лас, әр жерде бөтелке шашылып жатыр. Балалар аш-жалаңаш жүр. Ата-ананың туған перзентіне салғырттығынан адам шошиды. Мүлдем қараусыз қалдырған. Балалардың сырттай қарағанда дені сау, екеуі де үш жаста, бірақ балабақшаға бармайды", — деді қаланың ІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.


Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға тексеру жүргізілді

Балалар отбасы тұрмыс-тіршілігінің төмендігіне байланысты кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығына жіберілді.

Әліпбаева атап өткендей, отбасының жағдайы төмен деп тіркелген. Ерлі-зайыптылар тұрмыстарын түзетуге уәде берді, әйтпесе ата-ана құқығынан айырылады.

Оқи отырыңыз:

Ғашығымның атын жамбасыма жаздырамын - Айжан Байзақова
Эфирге 1 сағат қалғанда келмей қойған Нұрболат Абдуллиннің "жұлдыз ауруына" шалдыққанын айтты
Қазақша сөйлегені үшін орыс спортшысынан таяқ жеген қазақ қызы сотта жеңіп шықты