Алматыда әскери ұшақ апатынан қайтыс болған шекара қызметінің басшысы ақтық сапарға аттандырылуда

Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақтық сапарға шығарып салу ҰҚК Шекара қызметі академиясында сағат 10.00-де басталады.

ҰҚК шекара қызметінің әскери ұшағы 25 желтоқсан күні кешкісін Шымкентке жақын маңда апатқа қшырады. Ұшақта болған 27 адам түгел қайтыс болды. Олардың арасында шекара қызметі директорының уақытша міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков зайыбымен және «Оңтүстік» аймақтық басқарма бөлімшелерінің басшылары болған.