Caravan Logo

Алматыда астан уланған тағы бес бала ауруханаға түсті

Алматыда астан уланған тағы бес бала ауруханаға түсті

Агенттік ақпаратына сәйкес, балалардың денсаулық ахуалы орташа ауыр деп бағалануда. Сөйтіп, Алматыдағы "ГауҺар" атты оқыту-тәрбиелеу орталығында тәрбиеленуші балалардың сапасыз тағам тұтынуы салдарынан уланған бүлдіршіндер саны 24-ке жетті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қалалық тазалық-індет станциясы басқармасының шешімімен балабақша жабылды. Бұл жерде тазалық-індет станциясы, қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы мен полиция топтары жұмыс істеуде. Балабақшадағы азық-түлік тауарлары тәркіленіп, зертханаға тексеруге жіберілді.