Алматыда ASTANA ARTFEST өнер фестивалі өтеді

Алғаш рет бұл фестиваль 2015 жылы жазда Астанада ұйымдастырылған болатын. Шараға 300 мыңнан астам адам қатысқан. Үш күн ішінде елорда тұрғындары мен қонақтары қазақстандық және шетел суретшілері, дизайнерлері, сәулетшілері және музыканттарының шығармаларымен жете танысты. Сондай-ақ, көпшілік қауым қызықты интерактивті қойылымдарға қатысты.   

Алматыда өтетін фестивальдің тұсаукесер рәсімінде ұйымдастырушылар қатысушыларға ASTANA ARTFEST 2015 фестивалі қорытындыланады, сондай-ақ фестивальге байқау арқылы қалай қатысудың және өз жобаларын жүзеге асыру үшін қаржы көздеріне қалай қол жеткізу жолдарын түсіндіреді. 

Биыл фестивальдің басты тақырыбы «Human Energy 2016» деп аталады.


Фестиваль аясында осы игі шараны ұйымдастырушылар: «Астана Жастары» Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әнуар Нұрпейісов, FUNK агенттігінің директоры Майра Измайлова, сондай-ақ, халықаралық арт-тәлімгер, өнертанушы және мәдениеттанушы Дина Нұрпейісова сөз сөйлейді.

Айта кетелік, ASTANA ARTFEST  фестивалі - мемлекеттік деңгейде қолдауға ие болған, Қазақстанның өнерін әлемдік деңгейге көтеруге бағытталған жемісті жоба.