Алматыда "Атамекен" одағы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

Отырыс барысында қатысушылар көкейкесті проблемаларға қатысты "Атамекен" одағының біртұтас ұстанымын айқындап, үйлестіру кеңесі туралы ережелердің жобасын бекітеді. Одаққа жаңа мүшелерді қабылдау мәселесі де қаралады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері атқарушы дирекцияға 2005-жылдың 3-маусымы мен 8-шілдесі аралығында тындырылған шаруалардан ақпарат беріп, "Атамекен" одағы үйлестіру кеңесінің 3-маусымдағы жиналысының хаттамалық шешімдерінің орындалуы туралы есеп береді.
Отырысқа ҚР үкімет басшысының орынбасары- индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев пен парламент мәжілісінің депутаттары қатысады.