Ақын әрі композитор Виват Басовтың шығармалары негізінен отан қорғап жүрген жауынгердің еліне, анасына және сүйіктісіне деген махаббаты туралы. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін ән кешінде автор «Генерал» тобымен бірге перзентін күткен ананың сағынышын боямасыз баяндап берді. Сонымен қатар, сарбаздардың шекараны қорғаудағы жанаямас ерліктері әнмен өрілді. Бұған дейін тек өз шығармаларын орындап келген автор репертуарына Шәмшінің әндерін де қосқан.