Алматыда атыс ұйымдастырған ер адамның Ресей азаматы болып шыққаны белгілі болды

Еске сала кетейік, 24 сәуір күні Алматыда күндіз 56 жастағы ер адам күзетшінің аяғына оқ атты. Күдікті оқиғадан соң сол тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерге тығылды. Полиция онымен бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізді, оған полицейлер, прокурорлар мен оқ атушының таныстары жұмылдырылды.

Алайда ол келісімнен бас тартып, есік жаққа оқ атуды жалғастырды. Баспалдақ алаңына қарай 30-ға тарта оқ атты.