Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазгидромет" РМК мәліметінше, сейсенбіде ауа сапасы тек Алматы қаласында нашарлайды. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.