Алматыда «Ауди» көлігі 18 жасар қызды қағып өлтірді


Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады. 

Оның айтуынша, оқиға түнгі 22:15 шамасына болған. Қатты соққыдан 1997 жылы туылған бойжеткен жедел жәрдем жеткенше сол жерде қаза тапты. 
Қазір жүргізуші ұсталды. Осы дерекке сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 2- тармағы (адам өліміне әкеп соқтырған жол апатына себепкер болу) бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 
Көлік жүргізушісінің ішімдік пайдаланғаны туралы ақпарат жоқ.