Алматыда әуежайға қону сәтінде жолаушылар ұшағының шассиінің қақпағы ұшып кетті; құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Оқыс оқиға дүйсенбі күні 13 сағат 10 минутта Шымкент пен Алматы арасында қатынайтын №972 рейсті Ан-24 ұшағы қонатын сәтте болған. "Ұшақтың сол жақ шассиінің қақпағы ұшып кеткен", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеме ақпаратына сәйкес, ұшақта 13 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті