Темір бағана, шынжыр, үзілуі қиын сым арқан – бұл бүгінде Алматының кез келген ауласында кездесетін көрініс. Әрине, көліктің көптігінен, тұраққа таластың күштілігінен туған. Тіпті балалар алаңқайы да тұраққа айналып жатыр.
Александр Кисляков, Алматы қаласының тұрғыны:
- Бұл жүрде жүгірмек түгілі жүрудің өзі қиын. Қарттарды қойып, балалардың өзіне де ойнайтын жер жоқ. Айналаны қоршап, бәрі бір-бір жерден меншіктеп алған. Қоршауға құлып салып қоятындарын қайтерсің.
Ауланы жеке тұрақ еткендерді пәтер иелері кооперативтері де тыя алар емес. Сара Ысмағұлова олармен 8 жылдан бері күресіп келе жатыр. Тіпті тұрақ иелерінен таяқ жеген кездері де болыпты.
Сара Ысмағұлова, пәтер иелері кооперативінің төрайымы:
- Жоба бойынша бұл жерде балалар алаңқайы болуы тиіс. Бірақ жерді меншіктегендер оған мүмкіндік бермейді. Менімен ұрсысып, жағамнан алады. Ақыры, әкімдікке шағымдануға тура келді. Таңертең келсем, міне, тағы мынадай қоршау тұр.
Бүгін кооперативтерге әкімдік қызметкерлері мен учаскелік инпекторлары қосылып, аулалардағы қоршаулар бұзылды. Қарсылық танытқан 10 шақты тұрғынға айыппұл да салынып жытты.
Мұратбек Нүрпейісов, Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Бірінші жолы халықты жинап, КСК-мен бірге түсіндіреміз. Бұлай заңсыз әрекеттер болмайды деп. Екінші рет қайталанатын болса, әкімшілік кодестің 505 бабы бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш негізінде айыппұл саламыз.
Мұндай заңсыз қоршаулар Алматыда жиі кездеседі. Оған көліктің тым көптігі басты себеп. Оның үстіне, кейде пәтер иелері кооперативі де ақша ұсынса, рұқсат беруге асық. Сондықтан оларға да 60 мың теңге айыппұл белгіленген.
Loading...