Алматыда ауқымды сейсможаттығу өтеді

«Бұл күні адамдар не істеуі керек: қала тұрғындары мен қала қонақтары алдын ала ең керекті заттар салынған сөмкені алып шығуы керек, пәтердегі су, газ, тоқ берілу құрылғысын сөндіруі және абдырап қалмай отбасы мүшелерін ашық, қауіпсіз жерге шығаруы қажет. Егер көршіңіз мүгедек, қарт, көмекке зәру адам болса оларға көмектесу жағын да ойлаған дұрыс. Көшеде қауіпсіз жерге (парк, стадион, ашық алаңқай) немесе жер сілкінісі кезінде жиналатын орынға шығу шарт»,  - деп түсіндірді ведомствода.

Бұл сейсможаттығуға қаладағы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың барлық қызметі, ұйымдар мекемелер, медициналық орталықтар, өзге де ұйымдар мен қала тұрғындары жұмылдырылмақ.


Аталған шараның мақсаты  Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік басқармалар мен органдардың дайындығын пысықтау.

Тәжірибелік оқу-жаттығу Сейфуллин даңғылы 26-шы ғимараттағы «Алаш» стадионында өтеді.

ТЖД шара барысында қала тұрғындарын сабыр сақтауға шақырды.