Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полицейлер адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
"Бұл жол-көлік оқиғасы Алматының Алмалы ауданында 14 сағат 20 минутта болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, KIA маркалы көлік жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, "City bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы автобуспен соқтығысқан, ол кейіннен кедергіге соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, тағы бір жолаушы оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады полиция.
Жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісі оқиға туралы айтып берді.
Жол-көлік оқиғасына ұшыраған автобус жүргізушісі KIA кроссовері жолын кескенін, бұл оқиғаға себеп болғанын айтты. Осының салдарынан жүргізуші күрт тежегішті басып, рульге ие бола алмай, жаяу жүргіншілер жолындағы кедергіге соғылған.