Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті

Бұл туралы Today.kz. хабарлады.

Куәлердің айтуынша , Daewoo Nexia көлігі солтүстік бағытқа кетіп бара жатқан. Ал автобус оңтүстік бағыт бойынша келе жатқан. Жеңіл көлік аяқ асты қарсы бағытқа шығып кетіп, қоғамдық көлікке соқтығысады. Бағытынан тайған автобус жолындағы екі көлікті жайпап өтіп, дүкенге соғылған.

Жол апатынан 6 адам жараланып, автобус жүргізуші екі аяғын сындырып алды.