Алматыда автобус жолда отырған адамды қағып кетті

Ер адам сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі оқиға орнынан.

Оқыс оқиға Қабанбай батыр және Қарасай батыр көшелерінің арасында Гагарин көшесінде солтүстік бағытта болған. №81 автобус жүргізушісінің айтуынша, ол Гагарин көшесімен келе жатқан, ал 30-35 жас арасындағы ер адам жолдың ортасында отырған. Қоғамдық көлік жүргізушісі қараңғыда адамды бірден байқай қоймағанын және тежеуішті басқан кезде бәрі кеш болғанын айтып, сендіруде.

Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапқан. Марқұмның құжаты жоқ болып шықты. Оқиғаның мән-жайын Алматы полициясы тексеруде.