Алматыда автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне коммуналдық автопарк диспетчері мәлім етті.

«Бүгін 30-шы бағдардағы автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Себебін әлі білмейміз, жүргізушілердің неге көңілі толмай отырғанын біле алғанымыз жоқ», - деп хабарлады автопарктен.

Автопарк өкілінің айтуынша, жүргізушілер ереуілге шықпаған, тек жұмысын атқарудан бас тартып отыр. Қазіргі уақытта 30-бағдар ғана емес, №32, №121-бағдарлардың жүргізушілері де  жұмысқа шықпай отыр.