Алматыда автобус жүргізушісі намаз оқу үшін рейсті тоқтатқан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

3қыркүйекте сағат 19:05-те No*** бағытындағы автобус жүргізушісі Брусиловский көшесімен Абай даңғылына қарай келе жатып, кенеттен бағытынан ауытқып, Түркебаев көшесіне бұрылған. Сосын ол автобусты тоқтатып, салон ішінде намаз оқуға кіріскен.

Куәгердің айтуынша, жүргізуші намазды тоқтатып, жолаушыларды шығару туралы өтініштерге мүлдем құлақ аспаған:

“Мен автобустағы қорқынышты жағдайға куә болдым және болған оқиғаны жұртшылыққа жеткізгім келеді. Намазды тоқтатып, жолаушыларды түсіру туралы талабым мүлдем елеусіз қалды. Мен бұл жағдайды видеоға түсіріп алдым," - деді жазба авторы.