Алматыда автобуста жүру ақысы 200 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Қаулының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды,  деп хабарлайды  Caravan.kz  медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Жолаушы жол ақысын қалай төлейтініне қарай ақы келесідей өзгереді: 

байланыс операторы, қоғамдық көлік картасы немесе мобильді қосыша арқылы төлейтіндер - 100 теңге; 
қолма қол ақшамен төлейтіндерге - 200 теңге болады.    


Айта кетейік, Астанада тариф 90 және 180 теңге, ШҚО-да 90 және 130 теңге, Жамбыл облысында 85 және 130 теңге, Қостанай облысында 100 және 170 теңге.