Алматыда автобустағы электрондық төлем жүйесіне қарсы шыққан жүздеген жолаушы күре жолды жауып тастады

 «Саяхат» көлік бекетінің аялдамасында тұрған мына жұрт осы жерде автобустарын 2 сағат күткенін айтады. Көбі қала маңындағы ауылдардан келгендіктен қолдарында «Оңай» төлем картасы болмай, автобустарға міне алмай жүр. Қоғамдық көліктер тіпті мұнда тоқтамайтын болған.

Назымгүл Дүйсенова:

-Мен «Оңай» басталғалы балдарымды мектепке апара алмаймын. Апарсам, әкеле алмаймын. Мені автобусқа мінгізбейді. 17-интернатта әлі «Оңай» каточкасы берілмеген. Берген жоқ әлі, оларда шығып үлгерген жоқ.

Ақыры ашуға булыққандар «Оңайды алып тастасын» деген талаппен Райымбек даңғылының бойына шығып алды. Аяқасты жүздеген адам жолды жапқаны сол еді, ағылған көліктер иін тіресіп кептеліп қалды.


-Халық қазір «Оңайға» қарсы шыққандықтан, Райымбек даңғылының бойын жауып тастаған. Көріп отырғандарыңыздай, жүздеген көлік менің артымда кептелісте құжынап тұр.

Бас көтергендерді жолдан қуам деп тәртіп сақшылары да жетіп келді. Бірақ, олардың сөзін тыңдап жатқан ешкім жоқ.Тәртіп сақшыларына бой бермеген соң бас көтергендермен жүргізушілердің өздері жұлқыласа кетті.

Әйтеуір, полиция қызметкерлері ақыры халықты сабырға шақырып жүріп, жолды әрең дегенде босатты. Бірақ, рұқсатсыз митинг болғандықтан, жағдайдың немен бітері белгісіз. Дегенмен, «Оңай» енгізілгелі бері жағдайымыз қиындады деген жұрттың бір ашуы ішінде кетті. 

Loading...