Алматыда автобустар жүретін жол бойына жағалай камера қойылмақ

Қазіргі Абай даңғылының бойымен Момышұлы көшесінен бастап Достық даңғылына дейінгі аралықта арнайы автобус жолы жасалып жатыр. Оның үстіне, полиция қосымша жиырмадан астам мәлімет тақталарын орнатпақшы. Бұдан былай машиналарды жол жиегінде кесе көлденең қалдыруға болмайды. Тек, автобус бағытымен параллель тұруы тиіс. Яғни, қоғамдық көліктердің қозғалысына кедергі болмауы керек. Бұл тәжірибе оң нәтиже берсе, арнайы автобус жолдары қаланың өзге көшелерінде де пайда болмақ. 

Loading...