Алматыда автокөлік қағып кету салдарынан бір бала мерт болып, бір бала жараланды

Қайғылы оқиға 9-маусым күні кешкісін Шаңырақ-2 ықшамауданында болған. "ВАЗ-2101" автокөлігінің жүргізушісі велосипед мініп жүрген екі баланы қағып кеткен. Апат салдарынан 9 жасар ұл оқиға орнында мерт болып, 13 жасар жеткіншек ауруханаға жатқызылды.