Алматыда автокөлікті айдап әкеткен үш жасөспірім ұсталды

Кеше полицияға қаладағы бір сауда үйінің жанындағы автотұрақтан "Мазда-626" автокөлігі ұрланғандығы туралы хабар келіп түсті. Кешікпей жол полициясы басқармасының қызметкерлері Жібек Жолы мен Шоқан Уәлиханов көшелерінің қиылысынан автокөлікті тоқтатқан. Көлік тізгінінде 15 жасар жасөспірім, ал көлікте екі жолаушы, яғни, қала мектептерінің бірінде 9-сыныпта оқитын екі оқушы болған.

Жасөспірімдер ұрланған көлікпен аз уақыт қыдырып қайтуға бел байлаған көрінеді.

Автокөлік иесіне, яғни, Алматы облысы Қарасай ауданының 54 жастағы тұрғынына қайтарылды. Жасөспірімдер қаладан шықпау туралы қолхатпен босатылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті