Алматыда "Авторадио" кеңсесінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түсті

ТЖМ мәліметінше, Алматыда 2 шілдеде 10 сағат 15 минутта "02" пультіне "Теңіз Тауэр" атты 120 пәтерлі тұрғын үйде (Сәтпаев көшесі 30 "а", Бостандық ауданы) орналасқан "Авторадио" кеңсесінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түсті. Ғимараттан 300 адам сыртқа шығарылды.

Арнаулы шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ.