Алматыда автотұрақ бағасы қалай өзгереді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

-Биыл жазғы уақыттан бастап автотұрақтардың бағасы айтарлықтай көтеріледі. Бұл барлық ірі қалалар секілді көліктерді шектеу үшін қажет. Одан бөлек қаланы ауаны ластайтын шығындылар аз болуы тиіс аймақтарға бөлеміз, - деді шаһар басшысы.

Осы орайда, Kazinform агенттігі қалалық мобильділік басқармасына қарасты «Алматы паркинг» мекемесіне тұрақ бағасы қаншалықты қымбаттайтынын сұрап, сауал жолдады.

-Қазір қаладағы әртүрлі аудандарда тұрақ құнын өзгерту мәселесін қоса алғанда, тұрақ орындарын ұйымдастыру мәселесі пысықтау сатысында. Бұл шаралар кешенді жұмысты қажет етеді, - делінген мекеме жауабында.

Сондай-ақ «Алматы паркинг» қабылданған шешім туралы қосымша ақпарат жарияланатынын хабарлады.