Жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 08:50-де Абай даңғылында, Байзақов көшесіне таяу жерде орын алды. №118-ші бағыттағы қоғамдық көлік автобус жолағымен шығыс бағытқа қарай жүрген, ал оның соңында №65 автобус келе жатқан. Алайда ол аялдамаға жете бергенде №118 автобустан озбақ болған, салдарынан көліктер соқтығысып қалды.
Жол-көлік апатынан зардап шеккендер жоқ.
65-ші автобус жолаушыларының сөзіне қарағанда, жүргізуші жол бойы жылдамдықты асырып жүрген.