Алматыда аяқдоптан қалалық қысқы біріншіліктің алғашқы 2 туры аяқталды

Оған 14 команда қатысты. 2 топқа бөлініп, өзара сайысқа түсіп жатқан олардың арасынан «А» тобында «Райымбек» пен «Сұңқар» (қосалқы), «В» тобында «Алматытелеком», «Ақ бұлақ», «Регион-Систем» жеңіліссіз келе жатыр. Ең үлкен есеп «Райымбек» пен «Сұңқар» (7:0), «Сұңқар-94» мен «Бруск» (0:4) арасында тіркелді. Ал «Ақ бұлақ» пен «Алматытелеком» арасындағы кездесуде есеп ашылмады.

14 қаңтарда жалауы көтерілген бұл дүбірлі дода 11 ақпанға дейін созылады. Онда іріктеу кезеңіндегі 3-інші, 4-інші тур - 21-22 қаңтарда, 5-інші, 6-ншы тур - 28-29 қаңтарда, ал 7-нші тур 4 ақпанда болады. Біріншіліктің жартылай финалы 5 ақпанда басталып, 11 ақпанда ақтық сайыстары өтеді.