Алматыда аяусыз соққыға жығылған дәрігер мүгедек боп қалуы мүмкін

Дәрігерлердің қауіпсіздігіне алаңдаған қала басшысы полицияға бұдан былай бірде-бір ақ халаттының жұрттан жәбір көруіне жол берілмесін деп тапсырма берді. Ал күні кеше ғана науқасқа көмектесуге барып, оңбай таяқ жеген жедел жәрдем дәрігері Наркескен Сейсенбаев әлі есін жиған жоқ. 26 жастағы жігіт ауыр халде жатыр. Әріптесін әрең дегенде аман алып қалған дәрігерлер әйелін қызғанған тентектің кесірінен Наркескеннің енді өмірбақи мүгедек боп қалатынын айтады. Жалпы, Алматыда жыл басынан бері түнгі шақыртуға шыққан 18 дәрігер осылай жұрттан таяқ жеп қайтқан. 

Loading...