Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің министрлерінің бас қосуы басталды

Алматыдағы бас қосуға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше 17 мемлекеттің өкілдері, 9 бақылаушы мемлекет пен БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам конференциясы ұйымы сынды халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Кездесу барысында тараптар аймақтық және ғаламдық тауқыметтерге қатысты пікір алмасады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттар қабылданады деп күтілуде. Атап айтсақ, сенім шараларының каталогы, процедуралардың ережесі мен министрлер кездесуінің декларациясы қабылданады.
Ұйымға Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Үндістан, Израиль, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Таиланд, Өзбекстан тәрізді мемлекеттер қамтылады. Ұйымға бақылаушы мәртебесіне Малайзия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Индонезия, Украина, Вьетнам, Филиппины, Сингапур, Сауд Арабиясы және Шри-Ланка елдері мен бірқатар халықаралық ұйымдар ие болған.