Мәдениет министрлігінің мәліметінше, қойылым ұлы орыс балеринасы Ольга Спесивцеваның өнердегі қысқа да жарқын өміріне арналған. Автор ұлы балеринаның тағдырын көрсете отырып, классикалық экзерсистен авангардқа дейінгі, серуен биінен жоғары психологизмге дейінгі ХХ ғасыр би өнерінің тарихын баяндайды.
«Заманымыздың көрнекті балетмейстері, Ресейдің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Борис Эйфман (Санкт-Петербор қ.) осы әлемге әйгілі балетті Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында қояды», делінген министрліктің таратқан хабарламасында.
Басты партияларда - ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Сәуле Рахмедова, Құралай Сарқытбаева, Дмитрий Сушков, балет солистері Фархад Буриев, Әмір Жексенбек. Қоюшы-суретші - Мартин Вилькарсис (Рига қ.) және балетмейстердің көмекшілері - Алина Солонская, Сергей Зимин (Санкт-Петербор қ.). «Красная Жизель» балетінің Астанадағы тұсаукесері 2010 жылғы 12 қарашада Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.