Қарақшылық шабуыл туралы ақпарат ІІББ-ның орталық шұғыл басқармасының пультіне 8-желтоқсанда 20 сағат 50 минутта келіп түскен. 12-ықшамаудандағы №5 үйдің ауласында бетперде киген біреулер оның басынан таспен ұрып жіберіп, қолындағы ақша салынған сөмкені алып кеткен. Қылмыс орнына келген күзетшілер жасағы шабуыл жасағандардың біреуін ұстады. Қылмыскер - "Бахус" АҚ-да істейтін 19 жастағы жүк тиегіш жігіт болып шықты.
Қазір тәртіп сақшылары инкассатордың сөмкесін алып із жасырып үлгерген оның сыбайласы- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 20 жастағы тұрғынын іздестіріп жатыр.