Алматыда Бәкір Тәжібаевтың жыр жинағы таныстырылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Кеш барысында қатысушылар қаламгердің өмір жолы мен қазақ әдебиеті, музыкасы және театр өнерінің дамуына қосқан үлесін кеңінен сөз етті.

Сонымен қатар іс-шара аясында ақынның шығармаларын қамтыған "Есіңе ал" атты жыр жинағының таныстырылымы өтті.