Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.
Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
"Қылмыстық іс материалы Жетісу аудандық полиция бөлімі өндірісінде. Тергеу деректің мән-жайын зерделеп, тәрбиеші әрекетіне құқықтық баға береді, соған сәйкес ол жауапкершілікке тартылады", - делінген ПД баспасөз қызметі хабарламасында.