Алматыда балабақшада баланы ұрып камераға түсіп қалған тәрбиешінің ісі сотқа жетті

Қылмыстық іске арқау болған осы таспа. Тәрбиешінің жылаған балаларды таяқтап тәртіпке салғаны бақылау камерасынан анық көрініп тұр. Сот-медициналық сараптама да балаларға жеңіл деңгейдегі дене жарақатын салған деген қорытынды шығарыпты. Қатал тәрбиеші енді сот алдында жауап беруі тиіс.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Аталмыш қылмыстық істің материалдары сотқа жөнелтілді. Сондықтан да қазіргі білуімізше, бұл материалдар әлде де соттың қарауында жатыр. Кінәлі болып табылған азаматша міндетті түрде заң алдында жауап беретін болады.

Ал қатал тәртібімен танылған тәрбие мекемесі бұрынғысынша өз жұмысын жалғастыруда. Тек, атауы мен қызметкерлерін ауыстырған. Жұрт жүрексініп қалса да, басқа балабақша болмағандықтан ұл-қыздарын осында апарып жатыр.

Маржан Қожабекова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Біздің де тәрбиешілерімізді ауыстырып жіберіпті. Қызымыз есін біледі. Бірдеңе болса қалса, дереу хабар береді.

Ал тентек тәрбиешіден жәбір көрген Ақкенже Ғұмырованың ұлы кішкентай Ерден болса екі айдан бері үйінде отыр. Анасы енді балабақша қызметкерімен сотта кездеспекші. Ұлына келтірген моральдық шығыны үшін келіншек 2 миллион теңге талап етіп отыр. 

Loading...