Алматының құтқару қызметіне су басу бойынша жеті хабар келіп түскені хабарланды. Апат жерлерінде 12 дана техника, 12 мотопомпа және ұйымның жеке құрамының 29 адамы жұмылды.
"Сондай-ақ, ағаштардың электр сымдары мен екі қабатты бір үйге құлағаны туралы 5 қоңырау қабылданды. 10 наурызда кешке құтқарушылар мегаполистің Наурызбай ауданында орналасқан Тастыбұлақ өзенінің арнасын Райымбек даңғылы көпірінің астындағы тұрғындардың қараусыз қалдырған тұрмыстық қалдықтарынан, автомобиль шиналарынан және басқа да қоқыстардан тазартты. Жол төсемін су басу қаупі жойылды", - деп жазылған порталда.
Бұған дейін ТЖД қызметкерлері Алматы тауларындағы көшкін қаупі туралы ескерткен болатын.