Алматыда балаларға арналған музыкалық комедия фильмінің тұсаукесері болды

Фильм сценарийінің авторы және қоюшы режиссері Данияр Саламат. Кинотуынды идеясының авторы және бас продюсері Алтын Маханбетова.

Бұл фильмнің кейіпкерлері «Әнші болғым келеді» продюсерлік орталығының талантты өнерпаздары. Бас кейіпкерді 10 жасар Әйгерім Мергенбай ойнайды. Оқиға Әйгерімді футбол десе ішкен асын жерге қоятын 10 жасар Жасұланның жақсы көріп қалуы, осыған орай Әйгеріммен бірге студияға барып ән салып жүрген досы Ақжанның екеуін таныстыру бағытында жасаған күлкілі іс-әрекеттері төңірегінде өрбиді. Фильмге сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген артисі Лидия Кәденова, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Рахман Омаров пен Кенжебек Шайқақов, Бауыржан Ордин сияқты өзге де өнер шеберлері түскен.