Алматыда баланы қағып, тайып тұрған Нексия жүргізушісі ұсталды

Оқиға өткен жұма күні Әуезов пен Қабанбай көшелерінің қиылысында орын алған болатын.

Жол-көлік оқиғасы туралы видеотіркегіштегі бейнероликті Youtube Nureke Abeno есімді қолданушы салған.

Бейнероликте баланың орнынан тұра сала қаша жөнелгені түсіп қалған. Оқиға орнында сәл бөгелген жүргізуші сыртқа шықпастан әрі адамдардың айтқанын тыңдамастан тайып тұрды.