Алматыда баласына дұрыс тәрбие бермеген 27 адам ата-ана құқығынан айрылды


Қалалық ішкі істер департаментінің бастығы Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыстардың алдын алу департамент жұмысының басты бағыттарының бірі. Қазір кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелерде 800 жасөспірім тіркеуде тұр. Оның 351-і қасақана оқудан бас тартқандар, 208-і қараусыз қалғандар. Бұдан басқа жағдайы төмен отбасылардан шыққан 1186 бала мектеп инспекторларының жіті назарына алынған. Ата-аналық міндетін атқармаған және баласына дұрыс тәрбие бермеген 27 адам ата-аналық құқықтарынан айрылып, 39-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.