Алматыда Балхаштың экологиялық проблемаларына арналған ІІ форум өтеді

"Бірінші форумда Балхаш өңірінің экологиялық проблемалары жинақталды",- деді М.Елеусізов. "Ал екінші форумды осы аймақта тұрақты дамуды сақтап қалуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасауға арнамақпыз",- деді ол.

Сарапшының айтуынша, Балхаш суының 80 процентін Іле өзенінен алады. Өзен суының 70 проценті Қытайда құралады. "Егер Қытай судың небәрі 15 процентін өзіне бұрып алған жағдайда Балхашта екінші "Арал" пайда болады",- деген алаңдаушылығын білдірді маман.
Балхаштың экологиялық проблемаларына арналған ІІ форум аясында Іле өзенінің жағасын қоқыстан тазарту көзделіп отыр. Сонымен бірге Балхаш пен Приозерск аралығында регата ұйымдастырылады.
Форумға республика үкімет басшысы Даниал Ахметов қатысады деп күтілуде.