Алматыда банк қызметкерлері кассадан 128 мың еуро және 80мыңдай АҚШ долларын ұрлады

Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-пунктіне сәйкес қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың шілдесінен бастап 26 қазанына дейін Алматы қаласында орналасқан «Б» АҚ банкінің филиалында кассадағы ақшаға рұқсаты бар материалды жауапты тұлғалар А. және С. қызметтік лауазымын пайдаланып, өздеріне сеніп тапсырылған қаржыны сөмкелеріне салып, банктен алып шыққан.

«Сотталғандар банк филиалының кассасынан 128 000 еуро (49 345 344,4 теңге) және 79 900 АҚШ долларын (26 286 818,8 теңге) алып кеткен. Өздерінің қылмысын жасыру мақсатында ұрланған жерге «еуро» сувенирлік банкноттарын салып қойған», - деп хабарлады сотта.

Сот отырысында қылмыскерлер кінәсін толық мойындады.


Оқи отырыңыз:

Эстрада өкілдерінің көбі жанды дауыста ән айтса масқарасы шығып қалатындарын біледі - Жан Мұқанов

Астана медицина университетінен шығарылған студенттердің оқу үлгерімдері жақсы болған

Павлодар облысына қытайлар зауыт ашуға келді