Алматыда БАҚ өкілдері арасында шағын футбол турнирі өтеді


Осымен екінші жыл қатарынан өткізілгелі отырған турнир «Аламан» электрондық басылымының 1 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Оған аталмыш электрондық басылым командасымен бірге, «Алаш айнасы», «Айқын» газеттері, «Алматы», «Хабар» телеарналары мен «Шахар» телекомпаниясы және университеттің журналистика факультетінің командалары қатысады.